Саясат

СІМ: Сирия бойынша келіссөздерге барлық делегациялар келді

© Sputnik / Болат ШайхиновСирия бойынша келіссөздердің алтыншы раунды, Астана
Сирия бойынша келіссөздердің алтыншы раунды, Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сириядағы жағдайды реттеу бойынша жетінші кездесу Астанада 30-31 қазанда өтеді

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Астанаға Сирия бойынша келіссөздерге барлық делегациялар келгенін хабарлады. 

"Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша жетінші халықаралық кездесу қатысушыларының барлық делегациялары Қазақстанның елордасына келді", — деп хабарлады министрлік. 

Бүгін күн тәртібінің мәселелерін талқылау бойынша екіжақты және үшжақты кездесулер жоспарланған. Кездесулер БАҚ үшін жабық түрде өтеді. Жалпы отырыс 31 қазан күннің екінші жартысына тағайындалған. 

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Сирия бойынша Астанада өтетін келіссөздерге барлық тарап қатысады – CІМ

Бұған дейін министрлік хабарлағандай, Сирия жөніндегі Астана процесінің барлық тарапы Астанада 30-31 қазанда өтетін кездесуге қатысатынын растады. 
Ресей делегациясына РФ президентінің Сирия жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев, Түркия делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Седат Онал, Иран делегациясына сыртқы істер министрінің орынбасары Хусейн Джабери Ансари басшылық етеді.

Кездесуге Сирия үкіметінің және сириялық оппозицияның, сондай-ақ байқаушы ретінде БҰҰ, АҚШ және Иорданияның өкілдері қатысады.

Келіссөздер Сирияда ұрыс іс-қимылдарын доғару режимін нығайту бойынша қол жеткізілген нәтижелерді сақтауға, сондай-ақ дағдарысты саяси реттеуге өту кезеңінде аталған елдегі жағдайды әрі қарай тұрақтандыру шеңберінде күш-жігерлерді арттыруға бағытталған.

Жаңалықтар
0