Оқиға

ІІМ "қан-жоса болған полицейлер" түсірілген видеоға түсінік берді

CC0 / Anja Osenberg / Полицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желіде полицейлерді атып кеткен видео тараған болатын

АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі "полицейлерді атып кеткен" видеоның қайдан шыққанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айта кетсек, инстаграмда полицей формасын киген екі жігіт түсірілген видео тарады. Олардың бірі қан-жоса болып жерде жатыр, екіншісін патрульдік көліктің ішінде атып кеткен. "Қашан және қайда болғаны белгісіз", — де жазылған видеоның астында.

Публикация от 😡Караганда😡 (@skandal_krg) Окт 29 2017 в 4:58 PDT

ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың хабарлауынша, роликтегі оқиға өмірде болмаған.

"Бұл Алматыда түсірілген деректі фильмнің кадрлары. Азаматтарға алаңдауға себеп жоқ, елдегі ахуал тұрақты", — деп сендірді Садубаев. 

Осы жағдайға байланысты полиция тексеріс жүргізіп, видеоны таратушылардың қандай мақсат көздегенін анықтайды. Осыдан кейін олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.  

 

Жаңалықтар
0