АСТАНА, 30 қазан — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түеді. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман мен көктайғақ болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с-пен соққан желдің екпіні 28 м/с-қа жетеді
Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей аумақтарын тұман басып, көктайғақ болады.
Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау өңірінің жекелеген жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман мен көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан мен Атырау облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр.