Әлем

АҚШ-та әйел кішкентай қызын таксиде қалдырып, өзі банк тонады

© Sputnik / Медиабанкке өтуАҚШ полициясы, архив суреті
АҚШ полициясы, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Банк тонауға баласымен келген әйелді полиция ұстады

АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Амеркиалық әйел алты жасар қызын таксиде қалдырып, өзі Нью-йорктегі банкті тонаған, деп жазады РИА Новости. 

Полиция мәліметі бойынша 28 жастағы Диана Марини Chase банкіне кіріп, кассирден ақша талап еткен. Банк қызметкері оның талабын орындайды, осыдан кейін әйел мекеме алдында күтіп тұрған таксиге мініп, кетіп қалады. 

Полицейлер көліктің ізіне түсіп, әйелді ұстайды. Мариниг банк тонағаны және баланың өміріне қауіп төндіргені үшін айыпталып отыр. Кішкентай қыз отбасына берілді


Жаңалықтар
0