Өңірлер

Павлодарда 20-дан астам көпқабатты үй жылусыз қалды

© Sputnik / Сергей Ермохин / Медиабанкке өтужылу трассасындағы апат, архив суреті
жылу трассасындағы апат, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ құбыр жарылған ауданда екі мектеп пен облыстық әкімдік орын тепкен

АСТАНА, 28 қазан — Sputnik. Павлодарда 20-дан астам көпқабатты тұрғын үй жылусыз қалды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қала әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекова. 

Гранитный ауылы жылусыз қалды - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында тоңып жатқан ауылға жылу берілді

Оның хабарлауынша, кеше күндіз Кривенко көшесінде жылу құбыры жарылып, Сәтпаев, Қайырбаев, Бектұров және Естай көшелеріндегі 23 үй жылусыз қалды. Сондай-ақ төтенше жағдай болған ауданда екі мектеп, облыстық әкімдік, басқа да әкімшілік ғимараттар орналасқан. Кеше күні бойы апат болған жерде "Жылу желілері" кәсіпорнының бірнеше бригадасы тынымсыз жұмыс істеді. 

Түн жарымда апаттың зардабы тоқтатылды. Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, бұл жылу құбырының тартылғанына 40 жылдан асыпты. 

"Апат орнында жұмыс істеп жатқандардың сендіруінше, бүгін сағат екіге қарай үйлерге жылу беріледі", — деді Әкімбекова. 

 

Жаңалықтар
0