АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Степногорда учаскелік полицейдің көмекшісі мен жедел уәкіл ұсталған адамды азаптағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Күдіктілер 2017 жылы 9 ақпанда Бестөбедегі полиция бөлімшесінде О. есімді азаматты азаптап, күшпен есірткіні заңсыз сақтағанын мойындатпақ болады.
Степногор қалалық сотының шешімімен екі полицей төрт жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енді.