Өңірлер

Ауа райы болжамы: 28 градусқа дейін күн жылынады

© Sputnik / Анатолий Устиненкокүз
күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
28-30 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 27 қазан— Sputnik. Қазанның соңғы күндері елімізде күн жылынады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның батысындағы циклон солтүстік-шығыс бағытқа қарай ығысады. Сенбі күні ол республиканың шығыс аймақтарына жетеді. Соның ықпалынан республиканың басым бөлігінде жаңбыр, қар жауып, қатты жел тұрады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыс облыстардың жекелеген аудандарында жаңбыр жаууы мүмкін.

"Циклон артынан Иран аудандарынан ығысатын құрғақ және жылы ауа массалары Қазақстан аумағына жылу әкеледі. Республиканың солтүстік жартысында күндізгі температура 3…11 °С дейін көтерілсе, оңтүстікте 15…20 °С, қиыр оңтүстікте 23…28 °С дейін жылы болады", — дейді мамандар. 



Жаңалықтар
0