Видео

"Қазақстанда жер көп" – Атамбаев саясатын қолдамайтындарға елден кетуге кеңес берді

Жазылу
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ел басшылығының саясатын қолдамайтын қырғыздарға Қазақстанға кетуге кеңес берді. "Ол жақта жер көп", деді көп ұзамай орнын босататын көрші елдің президенті.

"Ел тәуелсіздігі" деген ұғым бос сөз болып отырған кейбір азаматтарға басқа жайлы орын іздеуге кеңес беремін. Мысалы, бауырлас Қазақстанмен азаматтықты жеңілдікпен беру туралы келісім бар. Біз сіздерді қуана жібереміз, ол жақта да сіздерді қуана қабылдайды. Онда жер көп", — деді Атамбаев шетелдік елшілердің сенім грамоталарын тапсыру рәсімі кезінде. 


Жаңалықтар
0