АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Астананың "Спарта" КВН командасы Жоғарғы Лиганың финалына шықты, деп жазылған КВН халықаралық одағының сайтында.
Екінші жартылай финалда бес команда сынға түсті. Командалар төрт байқауда – сәлемдесу, биатлон, видеоблог және музыкалық фристайлда тартысты. Ойынның қорытындысы бойынша үш команда финалға шықты.
Бірінші жартылай финал бір апта бұрын өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша бес команданың екеуі үздік деп танылды.
Сонымен, финалда Мәскеудің мемлекеттік циркінің құрамасы, "Спарта Номад" (Астана), "Плюшки" (Тверь), "Радио Свобода" (Ярославль) және "Раисы" (Иркутск) командалары жеңіске таласады.