Әлем

Жапонияда екі құрма 4,8 мың долларға сатылып кетті

© Photo : JamesDeMersқұрма
құрма - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сатылған құрма сирек кездесетін сұрып екен

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Жапонияда құрманың сирек кездесетін сұрпынан екі жеміс 540 мың иен немесе 4,8 мың долларға сатылып кетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл қымбат құрманың сұрпы "тэнкафубу" деп аталды. Оны өсіруге селекционерлерге 11 жыл керек болған. "Тэнкафубу" құрмалары өткен жылдан бастап қана сатыла бастады. 

Жапония ауыл шаруашылығы қауымдастығы федерациясының сату бөлімінің өкілі Ито Ёсиюкидің айтуынша, бұл құрма ерекше тәтті болғандықтан өте қымбат тұрады. Егер кәдімгі құрмада қанттың мөлшері Брикс шкаласы бойынша 15-16 градус болса, ал мына элиталық сұрыпта ол 18-ден асады. Сатылған екі құрманың тәттілігі 25 градустан жоғары екен. 

Бұл құрманың тағы бір артықшылығы – олар тығыз және жапондық алмұрттар секілді шытырлайды. 


Жаңалықтар
0