АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Әзербайжанға барады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президенті 2017 жылғы 30 қазанда Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барады.
Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.