Қоғам

Назарбаев жаңа әліпбиді бекіту туралы жарлық дайындауды тапсырды

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев Әділбек Жақсыбеков пен Марат Тәжинмен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Әділбек Жақсыбеков пен Марат Тәжинмен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығын айтты

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен оның бірінші орынбасары Марат Тәжинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасы қызу талқыланып, қоғам тарапынан қолдау тапқанын атап өтті.

"Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет. Комиссия жұмысын аяқтады. Соңғы нұсқа жарияланды. Ғалымдар, тілтанушылар, саясаткерлер, жастар және Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ортақ мәмілеге келді. Жалпы, қоғам қолдап отыр", – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазақ әліпбиін латын қарпіне кезең-кезеңмен және жүйелі түрде көшірудің маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасыға мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының атқарған қызметі туралы баяндалды.

 

Жаңалықтар
0