Өңірлер

Елімізде кей өңірінде бүгін жел күшейіп, бұрқасын, көктайғақ болады

© Sputnik / Денис Тырин / Медиабанкке өтукөктайғақ
көктайғақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
26 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің батысында бүгін ауа райы жауын-шашынды болады, сонымен қатар солтүстігі мен батысында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, болып, тұман түседі, желдің күші – 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с.

Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейуі мүмкін.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, күндіз жел күшейеді – 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде жаяу бұрқасын болады, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады, түнде жел күшейеді –15-20 м/с, таңертең тұман түседі.

Павлодар облысында түнде жаяу бұрқасын соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанып отыр. 


Жаңалықтар
0