АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың солтүстік аймақтарында қардың және боранның пайда болуына әкелген циклон Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ауысты. Оның орнына Қазақстан аумағында жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауына және температураның төмендеуіне әкеп соқтырған антициклон алмасты.
"Өз кезегінде Қара теңіздің үстінде солтүстік-шығыс бағытта қозғалатын тағы бір циклон пайда болды. Кезеңнің соңында бұл циклон батыста, содан кейін республиканың орталығында және солтүстігінде жаңбыр мен ылғалды қар түрінде болып, күшті жел мен жауын-шашын туғызады. Қазақстан арқылы солтүстік-шығыс бағытында жылжи отырып, циклон жауын-шашыннан басқа, Иран аудандарынан жылы ауа әкеледі, бұл температураның кезекті көтерілуіне себеп болады", — делінген хабарламада.