Қоғам

Қазақ-өзбек шекарасында көліктер кептелісте тұр

© Sputnik / Медиабанкке өтужүк көлігі, архив
жүк көлігі, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ-өзбек шекарасындағы бекетте 150-ден астам қазақстандық көлік жиналып қалған

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы көліктер кептелісінің себебін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің көлік комитеті анықтап жатыр,  деп хабарлады Sputnik Қазақстанға министрліктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай. 

"Қазіргі уақытта "Б.Қонысбаева" өткізу бекетінде 150-ден астам қазақстандық автокөлік жиналып қалды. Өзбекстанға бара жатқан автокөліктер саны айтарлықтай артқан, шекарадағы жағдайдың негізгі себебі осы болып отыр", — деді Жұманбай. 

Кептеліс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кептеліс пайда болған

Оның айтуынша, Қытайдан Өзбекстанға жүк тасымалдайтын қазақстандық көліктердің 40-қа жуығында рұқсат құжаттары жоқ. 

"Биылғы жылы үшінші елдерден жүк әкеліп, жеткізуге рұқсат беретін 1200 бланкімен айырбас болды, олардың ішінде 1187-сі қазақстандық тасымалдаушыларға берілген, бірақ тек 498-сі ғана пайдаланылған", — деп толықтырды ол. 

Ол биылғы жылдың тоғыз айында елімізден Өзбекстанға тасымалданатын жүк көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өскен. 


Жаңалықтар
0