Саясат

Қазақстан мен Қырғызстанның премьер-министрлері Ереванда кездесті

© Sputnik / Александр Астафьев / Медиабанкке өтуЕуразия үкіметаралық кеңес отырысына қатысушылар
Еуразия үкіметаралық кеңес отырысына қатысушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет басшылары қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік бақылауына қатысты мәселелерді реттейді деп күтілуде

АСТАНА, 25 окт — Sputnik. Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің премьер-министрлері Ереванда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Армения. 

Қазақстан мен Қырғызстанның тулары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Әшімбаев: Қырғызстан бас тартқан $100 миллион ел игілігіне жұмсалады

Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресейдің үкімет басшылары мұнай, газ және электр энергиясының бірыңғай нарығын қалыптастыру, сонымен қатар Еуразиялық одақтың кедендік аумағында тауарлардың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша кешенді іс-шаралар қабылдау мәселесін талқылайды деп жоспарланып отыр. 

Отырыста премьер-министрлер одақтағы мемлекеттердің орта мерзімдік жоспардағы көлік саясатын жүзеге асыру бойынша "жол картасын" талқылайды. 

Еске сала кетсек, 18 қазанда Астанаға Қырғызстанның премьері Сапар Исаков бастаған үлкен делегация келіп, қазақ-қырғыз шекарасындағы түйткілді мәселелер талқыланып, бірқатар келісімге қол жеткізілген болатын. Кейін Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Ереванда өтетін кездесуде тараптардың көлік, ветеринарлық, фитосанитарлық бақылау талаптарын орындауына қатысты мәселелер қаралатынын хабарлады. 


Жаңалықтар
0