Саясат

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді құттықтады

© REUTERS / Roman Pilipey/PoolНұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин
Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.

"Сіздің басшылығыңызбен Қытай Коммунистік партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту барысында елеулі жетістіктерге жетті.

Сізге достас Қытай мемлекетінің халықаралық беделі мен әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру жолындағы дамылсыз әрі жасампаз еңбегіңізге сәттілік тілеймін.

Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да қарқынды дамитынына, сондай-ақ халықтарымыздың достығы нығая түсетініне сенім білдіремін", – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық пен амандық тілеп, достас Қытай халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.


Жаңалықтар
0