Өңірлер

Ауа райы болжамы: тұман түсіп, бұрқасын, көктайғақ болады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтукөктайғаққа қаррсы жолды өңдеу
көктайғаққа қаррсы жолды өңдеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Тек батыста, оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстік бөлігінде көктайғақ, бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.

Қостанай, Қарағанды облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с жетеді, тұман түседі.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан түнде, күндіз Атырау облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

 

Жаңалықтар
0