Өңірлер

Қостанайда араққа жұмсап, мазасын алған күйеуін әйелі пышақтап тастады

© Sputnik / Табылды Кадырбековпышақ
пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зейнеткер әйел араққа жұмсап, мазасын алған күйеуін пышақтап өлтірді

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Қостанайда дүкенге араққа жұмсап, мазалаған жұбайын өлтірген зейнеткер әйелдің ісі сотта қаралады, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Қан - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысының тұрғыны туған ұлын аяусыз ұрып өлтірді

Қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық сотта қаралады. Сотталушы – 58 жастағы әйел, ол "Адам өлтіру" бабы бойынша айыпталып отыр. 

Қостанайда 24 тамыз кешке әйел күйеуі мен баласымен бірге үйде арақ ішіп, қала күнін атап өтеді. Ертесіне таңертең жұбайы мерекені тойлауды жалғастырмақ оймен зейнеткер әйелін оятады. Әйел ас үйде нан турап жатқан кезде күйеуі қасына келіп, "дүкеннен қарызға арақ алып келші" деп тағы да мазасын ала бастайды.

Мас әйел оны пышақпен қорқытып, мазаламауды сұрайды. Бірақ ер адам қоймағаннан кейін, арты жанжалға ұласады. Ұрыс-керіс кезінде әйелі күйеуінің кеудесіне пышақ сұғып алады. Алған жарақаттан ер адам сол жерде көз жұмады.

 

 

Жаңалықтар
0