АСТАНА, 24 қазан – Sputnik. Шымкентте қоқыстан жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Полицейлер қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
20 қазанда Абай ауданында жаңа туған қыз баланың денесі табылды. Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бірқатар сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер сәбиін тастап кеткен әйелді іздестіруде.