Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде бүгін жаңбыр жауып, тұман түседі

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей өңірлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады

АСТАНА, 24 қазан — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с болады, кей жерде көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с, тұман, көктайғақ болады. 

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең тұман түседі. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.

 Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, найзағай болады.

Қарағанды,  Шығыс Қазақстан областырында тұман түсуі ықтимал.  

 

 

Жаңалықтар
0