Өңірлер

Ауа райы болжамы: күн суып, қар жауады

© Sputnik / Болат Шайхиновауа райы болжамы
ауа райы болжамы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
24-26 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Алдағы үш күнде циклондардың Қазақстан аумағына жылжуына байланысты батыс және солтүстік облыстарда жаңбыр немесе қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Циклонның жылжуына және суық атмосфералық фронттарға байланысты, солтүстік пен шығыс облыстарда қатты қар жауады. Батыстан соққан жел 23-28 м/с-қа жетіп, кейбір жерлерде боран болады. Осы аймақтарда көктайғақтың болу да ықтимал.

Алдағы бірнеше күнде Қазақстанның оңтүстігінде, 25 қазанда оңтүстік-шығыста жаңбыр жауады. Қазірдің өзінде таулы аймақтарда жаңбыр мен қар жаууда. Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан 3-5º С төмен болды. Ал оңтүстік облыстарда температура тұрақты күйде қалады.

24 қазанда бірнеше облыста дабылды ескерту жарияланды. 

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, тұман түсіп, желдің екпіні 25 м/с болады деп болжанып отыр. 

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с болады. Өскемен қаласында күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қаласында таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал. 

Көкшетау қаласында күндіз 24 қазанда көктайғақ болады.


Жаңалықтар
0