АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Торонтодағы Троиц қасиетті шіркеуінің ғимаратындағы салтанатты залда белгілі скрипкашы, Қазақстан Республикасының халық әртісі Айман Мұсақожаеваның концерті өтті, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Әсем үнді скрипкашының өнерін тыңдауға жергілікті саясаткерлер, бизнесмендер, ғылым және мәдениет қайраткерлері, журналистер және қазақстандық диаспораның өкілдері келді.
Айман Мұсақожаева Брамс, Бетховен, Массне, Сен-Санс және т.б. әлем классиктерінің туындыларын орындады.
Канададағы Қазақстанның елшісі Константин Жигалов көрермендерге Айман Мұсақожаеваны таныстыра отырып, қазақстандық скрипкашының осымен бірнеше рет жеке концерті беріліп отырғанын тілге тиек етті. Осы жылғы сәуірде дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғанына 25 жыл толуына орай Канададағы сыртқы істер министрлігінің салтанат сарайында да өнер көрсеткенін айта кетті.
Қазақстан мен Канада арасындағы парламентаралық ынтымақтастық тобының мүшесі ретінде сенатор Виктор Оу болды. Виктор Оу сәуірдегі салтанатты жиынға қатыса алмағандықтан, белгілі скрипкашының өнерін Торонтода зор ықыласпен тамашалағанын жеткізді. Канаданың депутаты келесі жылға жоспарланған Қазақстанның мәдениет күндері аясында қазақстандық скрипкашы Канадаға қайта оралатынына сенім білдірді.