Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде бүгін жаңбыр жауады

© Sputnik / Болат Шайхиновжаңбыр
жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады

АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарайды Қазгидромет. 

Ақмола облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с-ға жетеді, кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, күндіз екпіні 25 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз желдің күші 18 м/с-ға жетеді, түнде және таңертең — тұман.

Батыс-Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, тұман, көктайғақ күтіледі.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, найзағай күтіледі.

Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс-Қазақстан областырында тұман күтіледі.

Жаңалықтар
0