Өңірлер

Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады

© Sputnik / Борис Ушмайкин / Медиабанкке өтуКүз
Күз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы үш күнде ауа райы өзгереді: жаңбыр жауып арты қарға ұласады, кей жерлерде боран соғады

АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. 23-25 қазан күндері Қазақстанның үш облысында және Астана қаласында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

23 қазан күні күндіз, 24-25 қазан күндері тәулік бойы жел күшейіп, 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында 24-25 қазанда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. 23 қазан күні күндіз, 24-25 қазанда тәулік бойы жел күшейіп, 15-20 м/с жетіп, желдің ұйытқуы 23-28 м/с болады.

24 қазан күні күндіз, 25 қазанда тәулік бойы кей жерлерде көктайғақ болып, боран соғады. Ауа температурасы 0-5 градусқа, кей жерлерде 8 градусқа дейін аяз күтіледі.

24 қазан күні күндіз, 25 қазан тәулік бойы Павлодар облысында жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, желдің ұйытқуы 23-28 м/с болады. Дауылдық ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтар
0