Оқиға

Қостанайда автокран автобус аялдамасына соғылды

© Sputnik / Игорь Онучин / Медиабанкке өтуАвтокран
Автокран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ТЖ сенбі күні кешке орын алды. Алдын ала мәліметке сәйкес, жол апаты кезінде зардап шеккендер жоқ

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. Автокран басқаруын игере алмай, бағананы құлатып, автобус аялдамасына соғылды, деп хабарлайды аймақтық ng.kz порталы.

Жол апаты 21 қазан, сенбі күні кешке қарай болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, көліктің жүргізушісі мас болған. Жол апаты кезінде автобус аялдамасында адамдар болмаған.

Жүргізуші зардап шекпеген, оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

 

Жаңалықтар
0