АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. 22 қазан күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Еліміздің тек оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде жаңбыр жаумайды.
Республиканың кей жерлерінде қатты жел тұрып, тұман түседі, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел күшейіп, 15-20 м/с жетеді, тұман түсіп көктайғақ болады.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 17-22 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің күші 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде таңертең тұман түседі.