АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Алматы облысы Бесағаш ауылы Талғар трассасында жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Куәгерлердің айтуынша, 1987 жылы туған ер адам тиісті емес жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан, тас жол жарықтанбағандықтан Volkswagen Touareg жүргізушісі жаяу жүргіншіні көрмей қалыпты.
© SputnikБесағаш ауылында жүргізуші ер адамды қағып өлтірді
1/1
© Sputnik
Бесағаш ауылында жүргізуші ер адамды қағып өлтірді
1/1
© Sputnik
Бесағаш ауылында жүргізуші ер адамды қағып өлтірді
Қатты соққы ер адамды жиырма метрге лақтырып жіберген. Ол жедел жәрдем келгенше қаза тапты.