Қоғам

Батырдың жеке куәлігін дер кезінде жоймағандар жазалануы мүмкін

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуБатырхан Шүкенов
Батырхан Шүкенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батырхан Шүкеновтің ескі куәлігін интернет арқылы мың долларға сатқан

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Белгілі әнші Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігін жоймаған адамдар салғырттыққа қатысты жауапқа тартылуы мүмкін, деп хабарлады ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев.

БАҚ ақпараты бойынша интернетте Батырхан Шүкеновтің жеке куәлігін мың долларға сату туралы хабарландыру жарияланған.

"Заңнамаға сәйкес жеке тұлғаны куәландыратын жарамсыз деп танылған құжаттар, жаңасына ауыстырылған кезде міндетті түрде жойылуы керек. Б.К. Шүкеновтің құжаттарын жою туралы мәлімет базаға тіркелмеген", — деп мәлімдеді Садубаев.

Ол, Шүкеновтің құжаттарын ауыстыру кезінде тұрғындарды тіркеу және құжаттандыру ісін Әділет министрлігінің құзырында болғанын атап өтті.
Қылмыстық іс Алматы қаласы бойынша мемлекеттік қызмет ісі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке берілді.

Жаңалықтар
0