Өңірлер

Алматыда әйел адамды қағып кеткен жүргізуші ұсталды

© Photo : ДВД АлматыЖол апаты орнынан жүргізуші қашып кеткен
Жол апаты орнынан жүргізуші қашып кеткен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік жүргізушісі кісі өлімі болған жол апаты кезінде, басқалар зардап шеккен әйелге көмектесіп жатқан кезде қашып кеткен

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Полицейлер қаланың Алатау ауданында әйелдің қағып өлтірген жол талғамайтын көліктің жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Жол апаты таңғы сағат 6-да Алатау ауданында орын алған. Жүргізуші шығыс бағытта Рысқұлов даңғылы бойымен Емцов көшесінің қиылысына қарай бағдаршамның тыйым салған белгісіне өтіп бара жатып, 1964 жылғы әйел адамды қағып кетеді. Әйел адам алған жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болады.
"Жүргізушісі көліктен түседі, бірақ басқа адамдар зардап шеккен әйелге көмек көрсетіп атқан кезде, абыр-сабыр кезінін пайдаланып, қылмыс орнынан қашып кетеді. Бірнеше сағаттан кейін Алматы облысы Қарасай ауданындағы елді мекендердің бірінде күдікті ұсталды", — деді Алматы ІІД жергілікті полиция қызметінің басшысы Ерік Насырбеков.
Бұл елді мекенде 30 жасар жүргізуші жол апаты салдарынан бұзылған Lexus көлігін жасырмақшы болған жүргізуші әуежайға асығып бара жатқанын алға тартты.

Жаңалықтар
0