Пародия "Вечерний Ургант" әзіл-сықақ бағдарламасында көрсетілді.
"Менің есімім Иван Ургант, менің жасым 36-да, бірақ шын мәнінде мен 35-темін, дегенмен екінші жағынан менің жасым 36-да. Ресей Федерациясының кез келген тұрғыны сияқты менің де президент сайлауына түсуге құқығым бар", — деп бастады өз видеоүндеуін Ургант.
Ксения Собчакқа ұқсау үшін Ургант парик пен көзілдірік киген.
Екі күн бұрын тележүргізуші Ксения Собчак президент сайлауына қатысатынын мәлімдеген еді. Ол "бәріне қарсы кандидат" болатынын айтып, ресейліктерді сайлауға келуге шақырды.