Оқиға

Маңғыстау аудандық сотының төрағасы жол апатында қайтыс болды

© Photo : Stefan SchweihoferЖолдағы ескерту белгісі
Жолдағы ескерту белгісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот жолдың шетіне шығып кетіп аударылған көлікті өзі жүргізіп келе жатқан

АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Маңғыстау аудандық сотының төрағасы Жасұлан Салиев тас жолының бойында орын алған жол апаты кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды аймақтық "Лада" порталы.

Жол апаты 19 қазан күні таңертең болған. Сайттағы мәліметке сәйкес 42 жасар Жасұлан Салиев оқиға орнында көз жұмған.

Suzuki автокөлігін жүргізіп келе жатқан Салиев, Шетпе ауылынан Қызан ауылына қарай жолға шыққан. Басқару тізгінін игере алмай, жолдың шетіне шығып кетіп, автокөлік аударылады. Марқұмның жаназасы жексенбі күні Бейнеуде өткізіледі. 

Маңғыстау аудандық сотының ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Жасұлан Салиев Бейнеу ауылының тумасы. 1997 жылы ол Ш.Есенов атындағы университетті аяқтайды. 2002 жылы Әл-Фараби атындағы университетті бітірген соң, Бейнеу аудандық сотына маман ретінде жұмысқа орналасады. 2007 жылы Жаңаөзен қалалық сотының төрешісі болып тағайындалып, бес жылдан соң Маңғыстау аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.



Жаңалықтар
0