Қоғам

Жақыпова: мұқтаж жандарға әлеуметтік көмек ұсынылатын болады

© Photo : Служба центральных коммуникаций Светлана Жақыпова
Светлана Жақыпова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа ережелері туралы айтып берді

АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. "Бүгінде министрлік тарапынан әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдірудің тұжырымдамасы дайындалды. Оның бірнеше мақсаттары бар. біріншіден, қиын жағдайға тап болған азаматтардың қамту ауқымын кеңейту. Ендігі ретте арыз беру ұстанымынан белсенділікке көшуді көздеп отырмыз. Мұқтаж жандарға әлеуметтік қызметкер келіп, қызмет ұсынатын болады", — деді Жақыпова әлеуметтік коммуникациялар қызметінің брифингі кезінде.

Сондай-ақ оның айтуынша, әлеуметтік көмек көрсетілетін адамдардың қатарын адам саудасының құрбандары, тұрмыстық зорлық көргендер, тұрғылықты мекен жайы жоқ адамдар толықтырады деп жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0