АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Сот трактордың тіркемесіне отырған мас болған ауылдысының өліміне кінәлі болған Жамбыл облысының тұрғынына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі.
Тергеу кезінде анықталғандай, сотталушы тіркемесі бар трактордың тізгінінде болған. Биназар ауылына барар жолдың бойында ол өзінің мас болған ауылдасымен кездесіп қалады. Ал ол өз кезегінде ауылға ала кетуге өтінеді. Ауылдасының ішімдік ішкенін біле тұра ол оны трактордың тіркемесіне отырғызып алып, жолға шығады. Кенеттен ол айғайлаған дауыс естіп қалып, тракторды тоқтатады. Жүргізуші тіркемеден құлап, трактордың астына түсіп қалған ауылдасының жерде жатқанын көреді. Сотталушы өз кінәсын толықтай мойнына алды. Сот оны айыпты деп танып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ер адам жүргізушілік куәлігінен екі жылға айырылды. Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.