Қоғам

Астанада кәмелетке толмаған балаға спирт сатқан дәріханашы жазаланды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуСпирт
Спирт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жасы кәмелетке толмаған балаға этил спиртін сатқан фармацевт ішімдік саудасы туралы заңды бұзғаны үшін сотталды

АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Астанадағы дәріханалардың бірінде кәмелетке толмаған балаға этил спиртін сатқан дәріханашыны сот жауапқа тартты, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз хатшысы. 

Ағымдағы жылдың тамыз айында дәріханашы кәмелетке толмаған балаға төрт бөтелке этил спиртін сатқан. Полиция "ҚР алкогольді өнімдерін сату жөніндегі ҚР заңнамасындағы талаптарды бұзу" әкімшілік бабына сәйкес дәріханашыға қатысты хаттама толтырды. Сот отырысында дәріханашы жасалған ісіне өкінішін білдірді. Соттың шығарған үкіміне сәйкес ол 10 АЕК (22 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл төлеп, бір айға лицензияның әрекет етуі тоқтатылды.
Сот дәріханашының денсаулығы мен кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты, айыппұлдың көлемін 30 % азайтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 


Жаңалықтар
0