АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Атырау облысында қазіргі уақытта жанармай тапшылығы жоқ, деп мәлім етті облыс басшысы Нұрлан Ноғаев.
"Бүгінгі күні Атырау мұнай өңдеу зауыты штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Зауыт басшылығының мәліметі бойынша күніне 2,4 мың тонна АИ-92 бензині өндіріледі. Бүгінде бензин жетіспеушілігі жоқ", — деді Ноғаев баспасөз мәслихатында.
Әкім Атырау мұнай өңдеу зауытынан бөлек өңірге бензинді басқа да кәсіпорындар жеткізетінін айтты. Барлығы облыста 103 жанармай бекеті бар.
Ноғаевтың сөзіне қарағанда, Атырау облысында қазіргі уақытта АИ-92 бензинінің құны 151-158 теңге аралығында екен.