Өңірлер

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Жазылу
"Қазгидромет" 21-23 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанның солтүстік жартысы арқылы үлкен жылдамдықпен жылжып келе жатқан атмосфералық фронттардың ықпалынан демалыс күндері жаңбыр жауып, кейіннен ол қарға ұласқан жауын-шашын болып, кей жерлерде күшті батыс желі соғады, деп хабарлады Қазгидромет.

Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Жұма күні елімізде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады

Ресейдің еуропалық бөлігінің орталық аймақтарында қалыптасқан жаңа циклон жексенбі күні Қазақстанның батыс өңірлеріне көшіп, дүйсенбі күні орталық және солтүстік аймақтарға жетеді.

Циклонмен байланысты температура төмендеп, одан әрі, негізінен, қар түріндегі жауын-шашын солтүстік өңірлерде күтіледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда, алдағы демалыс күндері, атмосфералық қысымның жоғары болуының әсерінен ауа райы жылы, көбіне жауын-шашынсыз болады.


Жаңалықтар
0