АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Алматы полициясы әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жол апаты Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесі қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, көлік қара түсті, болжам бойынша, маркасы Lexus, шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Емцрв көшесімен қиылыста 1964 жылы туған әйелді қағып кетеді.
© SputnikАлматыда жүргізуші әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті
Алматыда жүргізуші әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кетті
© Sputnik
Ол алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше қаза тапты. Автокөлік жол апаты болған жерден қашып кетті.
Алматы полициясы оқиғаның мән-жайын анықтап, қашып кеткен жүргізушіні іздейді.