Қоғам

Бағдат Мусин "Сергек" камерасынан жеке көлігінің жол ережесін бұзғанын білді

© Sputnik / Серикжан КовланбаевКөлік кептелісі
Көлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бағдат Мусин әйелінің жүргізушісіне жол жүру ережелерінің бұзу туралы құжаттарды жіберді

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетінің төрағасы Бағдат Мусин "Сергек" жүйесінің көмегімен өздерінің отбасылық көлігімен жол ережесі бұзылғанын білді.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Мусин, Астана қаласы әкімінің орынбасары Мәлика Бектұровамен қалалық жедел қызмет басқармасында кездесу өткізгенін айтты.
"Мен бірден "Сергек" жүйесінің жұмыс істеуін көруді сұрадым. Өзіміздің отбасылық көлігіміздің нөмірін терген кезде, бір-екі рет жол ережесінің бұзылғанын байқап қалдым. Менің қолыма тиісті құжаттарды берген кезде, бұл жүйенің дұрыс жұмыс жасайтынына көзім жетті. Жұбайыма жүргізушімен сөйлесіп, тиісті айыппұлды төлеуді тапсырдым", — деп жазды Мусин.
Жаңалықтар
0