Өңірлер

Ақтауда терезеден секірген әйел өзінің заңсыз ұсталғанын мәлімдеді

CC0 / Pexels / Көп қабатты үй
Көп қабатты үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта прокуратура бұл әйелдің ұрлық жасауға қатысты іздеуде жүргенін анықтайтын ақпараттың нақтылығын тексереді

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Ақтау қаласында өзінің қызымен бірге бесінші қабаттан секіріп кеткен әйел Ақтау қаласы полициясына арызданды, деп жазады жергілікті "Лада" сайты Маңғыстау облысы прокуратура екінші басқармасы басшысының орынбасары Жандарбек Спанға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта полицейлерден жауап алынып жатыр. 

"Бұл істің аясында біз бұл пәтердің жалдау кезіндегі заңдылығын тексереміз. Зардап шегушінің  айтуынша,  Шымкенттен келген жедел уәкілге арнап жалданған пәтерде полиция қызметкерлері болған. Ал, азаматша Б. өзінің заңсыз негізде ұсталғанына қатысты шағымданып отыр. Ол заң қызметкерлеріне қатысты шағым түсірген", — деп мәлімдеді басқарма басшысының орынбасары.

 


Жаңалықтар
0