АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Алматы облысында Оңтүстік Қазақстаннан келген бес жұмыссыз азамат адам ұрлауға қатысты айыпталды, деп хабарлайды аймақтық ІІД баспасөз қызметі.
Адам ұрлау әрекеті Талғар ауданында тіркелген. Қыркүйек айының аяғына қарай жергілікті полицейлерге Алматы тұрғыны ағасының жоғалғаны туралы арыз түсіреді. Белгісіз адамдар оны ұрлап әкетіп, 500 000 теңге көлемінде құн төлеуді талап еткен.
ІІД мәліметіне сәйкес, анайы операция барысында ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі облыстық басқарманың жедел қызметкерлері бірнеше сағаттың ішінде осы оқиғаға қатысы бар күдіктілерді ұстады. 450 000 теңге көлеміндегі ақшаны бері кезінде күдіктілердің бірі белгілі болып, сол арқылы қылмыстық топтың басқа да мүшелерін тауып алу мүмкін болды.