Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшыларының кездесуі қалай өтті?
Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшыларының кездесуі қалай өтті?
Sputnik Қазақстан
Қырғызстан премьер-министрі Сапар Искаков сәрсенбі 18 қазанда Астанаға келді. Келіссөздердің қалай өткені, тараптардың қандай келісімге келгені туралы Sputnik... 19.10.2017, Sputnik Қазақстан
Қырғызстан премьер-министрі Сапар Искаков сәрсенбі 18 қазанда Астанаға келді. Келіссөздердің қалай өткені, тараптардың қандай келісімге келгені туралы Sputnik Қазақстан фоторепортажынан оқыңыздар
Кездесуде ЕАЭО нормалары мен ережелерін ескере отырып, шекаралық, көліктік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау, кедендік және салықтық басқару салаларындағы екі жақты экономикалық қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды.
"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, бауырлас қос мемлекеттің қарым-қатынасы үлгі тұтарлықтай болып, өңірдегі өзара тиімді ықпалдастық деңгейінде болуы тиіс", - деді Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев.
ездесуде шекаралық, көліктік, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау салаларындағы екі жақты экономикалық қарым-қатынастардың өзекті проблемалары талқыланды.
Қазақстан үкіметінің мәліметінше, Сапар Исаков Қырғызстанның өз міндеттіліктерін орындау мәселесін салиқалы түрде шешіп, Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігінің экономикалық мүддесін орындауға уәде берді.
Сағынтаев атап өткендей, кедендік және салықтық басқарудың түйткілді мәселелері ЕАЭО нормалары мен ережелерін ескере отырып қаралды. "Мәселен, біздің кедендік органдар анықтағандай, қырғыз импортшылары Қытайдан әкелінген тауарларды Қазақстан аумағы арқылы өткізгенде дұрыс мағлұмдамауы орын алған. Соның кесірінен біз тікелей шығынға батып отырмыз", - деп атап өтті ҚР үкімет басшысы.
Келіссөздер қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Қырғызстан үкімет басшыларының біріні орынбасарларының төрағалығымен жұмыс тобын құруға шешім қабылданды.
Тараптар 19 қазан сағат 00:00-ден бастап жүгі бар жеке тұлғалар, тұрақты жолаушылар рейстік көліктері, жеңіл көліктер және бос жүк көліктері үшін қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасынан өту тәртібін қамтамасыз етуге келісті.