АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Тұрақта тұрған BMW көлігі Сарыбұлақ өзеніне түсіп кеткен – жүргізуші көлігін тұрақ режиміне ауыстыруды ұмытып кетіпті.
"Оқиға сәрсенбі 18 қазанда Сейфуллин және 187 көшелерінде болған. Көлік жаяу жүргіншілер жолына жақын тұрақта тұрған. Жүргізушінің айтуынша, көлігін "жылдамдық" режимінде қалдырып кетіпті. Көлікті пультпен от алдырмақ болғанда, көлік орнынан жылжып, Сарыбұлаққа түсіп, капотымен батып қалған. Құрбандар жоқ", — деп түсіндірді Астана ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.
Көлік сол күні эвакуатордың көмегімен шығарылды.