АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Террорлық ұйымдар АҚШ-та 2001 жылғы 11 қыркүйектегідей теракт ұйымдастырмақшы, деп мәлімдеді ішкі қауіпсіздік министрі міндетін атқарушы Элейн Дьюк Лондондағы АҚШ елшілігінде сөйлеген сөзінде.
"Ислам мемлекетінің" мүшелері 9/11 ұқсас тағы бір ірі теракт жасауды көздеп отыр. Барлаушылардың мәліметінше, олар ұшақты атып құлатып, бейбіт тұрғындарды жаппай қыруды көздейді", — деп жазады Daily Mail Элейн Дьюк дәйексөзін келтіріп.
"Содырлар қаржы табуды жалғастырып, көзге түсіп, қатарын көбейткісі келеді. Сол себепті ойларын іске асырып, соған қанағаттана түседі. Террор жасау – олардың мақсаты, сол сеьепті автокөлікті пайдаланып лаңкестік жасауы, суық қарумен шабуылдауы үрей туғызып, бейбітшілікті бұзады. Бұл олардың ірі авиациялық лаңкестіктен бас тартқанын білдірмейді", — деп ескертті ол.