Өңірлер

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

© Sputnik / Сергей Мальгавко / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Ғарыштық түсірілімдерден Қазақстан аумағында суық фронттардың белсенді бұлтты массиві байқалады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қатты жел - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанның үш облысында дауылдық ескерту жарияланды

Жақын тәулікте республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде жауын жауады. Суық фронттың артынан Кавказ ауданынан антициклон таралады, соған байланысты республика аумағында жауын-шашын тоқтап, температура төмендейді.

Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аймақтарынан Батыс Сібірге қарай кезекті циклон жылжып келеді. Ол Қазақстаннан алыс орналасқан болса да, оған кіретін арктикалық атмосфералық фронттар жүйесі 20-21 қазан аралығында республиканың батыс және солтүстік облыстары арқылы жылжитын болады, соның әсерінен жауын-шашынды болады.


Жаңалықтар
0