Қазақстан тарапының мәлімдемесіне сүйенсек, бақылау ЕАЭО заңнамасына сәйкес "сұр" импорт көлемін қысқарту мақсатында күшейтілген, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қазақстанның ҰҚК атап өткендей, қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылаудың күшеюі жоспар бойынша жүргізіліп отыр.
Қырғызстандағы "Ақ-Тілек" бекетінде 300 жүк көлігі кезекте тұр — бұл сегіз шақырымға дейін созылған. Бекетте тұрған әр күн кәсіпкерлерді жүздеген доллар шығынға батырады.

Қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал 10 қазанда ушығып кетті. Суретте: Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ-тілек" бекеті.

Қазақстандық шекарашылар сағатына 2-3 көлік қана өткізеді...

...Соның салдарынан Қырғызстан жағында көліктер кезекке жиналып қалды.

ҚР Қаржы министрлігінің мәліметінше, жүк көліктерін тексеру барысында бір апта ішінде 200 құқық бұзушылық анықталған.

"Ақ-тілек" өткізу бекетінде ұзынсонар көлік кептелісі пайда болған.

Бекетте тұрып қалған 300 көлік сегіз шақырымға созылып жатыр.

Көліктердің көпшілігінде қазақ-қырғыз нөмірлері. Арасында Беларусь және Ресей жүк көліктері кезігеді.

8/10
© Photo : пресс-служба правительства КР/ Сабыр Аильчиев
Жақында өткізу бекетінде медициналық жәрдем пункті ашылды.

Қазақстанның ҰҚК атап өткендей, қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылаудың күшеюі жоспар бойынша жүргізіліп отыр.

Бақылау күшейтілгелі бері 127 көлік тексеріліп, екі жүз тоннадан астам тауар кері қайтарылды.
