Өңірлер

Павлодар облысындағы өрт кезінде екі бала қайтыс болды

© Sputnik / Сергей КимӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Газбен тұншыққан балалар ауруханаға жеткізілген болатын

АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Павлодар облысындағы Иртышск аудан орталығында болған өрт кезінде екі бала газбен тұншығып, қайтыс болды, деп хабарлайды аймақтың ТЖД баспасөз қызметі.

Мекеменің берген ақпараты бойынша, 18 қазан күні сағат 10.35 кезінде Иртышск ауданының Иртышск елді мекеніндегі Қожаберген көшесі, 2-үйде орналасқан жекеменшік үйден өрт шыққан. Жалын 10.58 кезінде ауыздықталып, 11.40 кезінде толық сөндірілді. Өрт болған аумақтың көлемі 40 шаршы метрді құрайды.

Өртеніп жатқан үйге өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметі сағат 10.40-та келіп жетті. Дәрігерлер Иртышск орталық ауруханасына 2012 және 2013 жылы туған екі баланы "ауыр дәрежедегі газбен улану" деген диагнозбен орналастырады. Өкінішке орай, сағат 11.30 кезінде дәрігерлер зардап шеккен балалардың қайтыс болғанын мәлімдеді. 
Жаңалықтар
0