Видео

Сағынтаев Қырғызстанмен болған келіссөзден кейін мәлімдеме жасады

Жазылу
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан үкіметі делегациясымен болған кездесудің қорытындысын шығарды

Сағынтаевтың айтуынша, тараптар шекаралық, көлік қатынасы, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға қатысты екі жақты экономикалық қарым-қатынастың проблемаларын талқылады.

"Мысалы, біздің кедендік органдар қырғызстандық импорттаушылардың Қытайдан әкелінген тауарларды Қазақстан арқылы транзит жасау кезінде дәйексіз декларациялау фактілерін анықтады. Бұл бізге шығын келтіріп отыр. Қырғызстандық тарап бұл мәселенің барысымен келісті. Премьер-министр бұл мәселені жан-жақты қарастыруға, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақ кеңістігіндегі экономикалық ережелердің сақталуына кепілдік берді",- деді Сағынтаев.
Жаңалықтар
0