АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. 18 қазан, сәрсенбі күні Астанада Қазақстанның премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан үкіметінің басшысы Сапар Исаковпен кездеседі.
"17 қазанда Қырғызстан мен Қазақстанның үкімет басшыларының телефон арқылы сөйлесуі кезінде қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, Қырғыз республикасының премьер-министрі Сапар Исаков 18 қазанда жұмыс сапарымен Астанаға барады", — деп жазылған Қырғызстанның премьер-министрі баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.