Өңірлер

Қырғызстандық подполковник Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды

© Sputnik / Владимир Пирогов / Медиабанкке өтуОқу жаттығулары кезіндегі әскери қызметкер
Оқу жаттығулары кезіндегі әскери қызметкер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери қызметкер офицерлер тобының құрамында ҰҚШҰ оқу-жаттығуларына келе жатқан

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Қырғызстан Қарулы күштерінің бас штабының жаяу әскерлер подполковнигі Қазақстан шекарасынан өту кезінде ұсталды, деп хабарлайды аймақтық "Вечерний Бишкек" сайты құқық қорғау органдарына сілтеме жасап. 

Әскери қызметкер есірткі затымен ұсталғаны нақтыланды. Сайттың хабарлауынша, әскери қызметкерді ұстау шараларын қазақстандық шекарашылар жүзеге асырған.  Кейбір мәліметтерге сәйкес қылмыстық іс Қордай аудандық сотында қарастырылады. 

Қазақстандық әскерилердің оқу жаттығулары - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҰҚШҰ "Әскери бауырластық -2017" оқу жаттығулары Қазақстанда өтеді

"Офицерлер тобы "Мызғымас бауырластық-2017" біріккен оқу жаттығуларына қатысуға келе жатқан. Офицер осы топтың құрамында болған. 15 қазан күні "Ақ Жол" бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК МШҚ қызметкерлері ұстады", — деп хабарлайды сайт. 

Бас штабтың баспасөз қызметі Қырғызстандық әскери қызметкердің ұсталғанын растады. Алайда мекеме оған себеп болған жағдайда нақтыламады. Бас штаб қазіргі уақытта тергей амалдарының жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Жаңалықтар
0